ТҮРКІСТАН: Бір күнде 5 той тоқтатылды

0
699

Карантин режимін бұзған той иелеріне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


ТҮРКІСТАН: Бір күнде 5 той тоқтатылды

Түркістан облысында карантин режимі кезінде бір күнде 5 той анықталып тоқтатылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқарма мамандарымен бірлесіп Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінiң 2020 жылғы 17 шілдедегі №28 Қаулысымен бекітілген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сенбі 8 тамыз күні арнайы рейд жүргізді. Рейд барысында 30-40 адам жиналған 5 той тоқтатылды.

Атап айтсақ, Түркістан қаласының тұрғыны 40 адамның басын қосып беташар ұйымдастырса, Жетісай ауданында 40 адамның қатысуымен тұсаукесер, Мақтаарал ауданында 40 адамның қатысуымен 2 бірдей беташар және қыз ұзату тойлары анықталған. Барлық отбасылық іс шаралар жеке үйде және дәмханаларда өткізілген.

"Мобильдік топ тарапынан өткізілген отбасылық іс шаралар тоқтатылып, ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағына сәйкес жауапты тұлғаларға хаттамалар толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 7 күн ішінде айыппұлды өтейтін болса 50 пайызы төленеді. Мобильді топтармен жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша Түркістан облысы бойынша карантин талаптарын сақтамаған жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға 66 миллон 227 мың 520 теңге айыппұл салынған", - деп мәлімдеді Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жауаптылар алдағы демалыс күндері де өңірде шектеу шаралары күшейтіліп, рейд жұмыстары өз жалғасатынын айтып отыр.