ТҮРКІСТАН: Бір тұрғынның малын үш рет ұрлаған ағайындылар ұсталды

0
998

Тергеу барысында күдіктінің ағасымен бірге ұрлыққа түскені анықталған.


ТҮРКІСТАН: Бір тұрғынның малын үш рет ұрлаған ағайындылар ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары жайылымнан мал ұрлаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз тұлғалар жайылымда жүрген 11 бас қойын жасырын жымқырып кеткенін айтқан. Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі жарты миллионға жуық теңгені құрап, аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген және ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелген.

Сондай-ақ, жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер күндізгі уақытта жайылымда жүрген қойларына 3 рет ұрлыққа түсіп, жымқырып отырған. Осыған байланысты күдіктіні ұстау үшін жедел уәкілдер жоспар құрып, басқа да қажетті іс-шараларды жасайды. Нәтижесінде тәжірибелі полицейлер күдіктілердің бірін кезектірет қой ұрлауға келгенде, тәртіп сақшыларын көре сала көлігімен қашып бара жатқан жерінен ұстаған.

Сонымен қатар, тергеу барысында күдіктінің алдыңғы ұрланған 11 қойды ағасымен бірге жымқырғаны анықталып, күдіктінің екіншісі де ұсталады және олар Қазығұрт ауданының тұрғындары болып шыққан. Ұрылар қолды қылған қойларды жергілікті мал базарларға апарып сатып отырған екен.

Қазіргі таңда күдіктінің екеуі де қамауда. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.