ТҮРКІСТАН: Бір жерден 2-3 өнім алу жобасы тиімді жүзеге асып жатыр

0
899

2-3 өнім алу бағытында 16 жоба іске асырылып, 14,15 гектар алқапқа бірінші өнім егілген.


ТҮРКІСТАН: Бір жерден 2-3 өнім алу жобасы тиімді жүзеге асып жатыр

Төлебиліктер жақында екінші өнімді егеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінде 1 жерден 2-3 өнім алу бағытындағы жобалар мен жұмыстар тиімді түрде жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы мен отандық өнімнің ілгері басуына сеп болатын осы жүйенің жандануына орай, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков аудандағы бірқатар шаруа қожалықтарда атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты.

Атап айтсақ, «Көл-2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 гектар алқапқа қияр және 1 гектар жерге сәбіз, «Баймырза» шаруа қожалығы 0,7 гектарга қияр және 0,7 гектарға картоп, ЖК Абдуллаев Бауыржан 0,20 гектарға қияр, ЖК Улходжаев Раушанбек 3 гектарға қырыққабат және 1 гектар алқапқа қызанақ дақылын еккен.

Жалпы, Бірінші Мамыр ауылдық округінде бір жерден 2-3 өнім алу бағытында 16 жоба іске асырылып, 14,15 гектар алқапқа бірінші өнім егілген. Алдағы күндері алғашқы өнім жинау басталып, екінші өнім егу бағытында жұмыстар жүргізілмек.