ТҮРКІСТАН: Бірқатар азаматқа «Халық алғысы» медальі табысталды

0
519

Олар инфекциясының кең таралуының алдын-алу мақсатында аянбай еңбек еткен.


ТҮРКІСТАН: Бірқатар азаматқа «Халық алғысы» медальі табысталды

Түркістан қаласында «Халық алғысы» медальін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен коронавирустық инфекциясының кең таралуының алдын-алу мақсатында аянбай еңбек еткен отандастарымызға арналған «Халық алғысы» медалін тапсыру рәсімі өтті.


Пандемиямен күрес кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, елеулі еңбегімен көзге түскен бірқатар үкіметтік емес ұйым мүшелері, облыстағы БАҚ саласының өкілдері, ерікті, белсенді жастар мен білім беру саласының мамандары құрметке бөленді. Марапатты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев табыстап, марапат иелеріне ел игілігі жолындағы еңбектері үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жұмыла әрекет етуге шақырды.