ТҮРКІСТАН: Бірнеше лауазымды қызметкерлерге жаза қолдануды ұсынды

0
1 678

Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.


ТҮРКІСТАН: Бірнеше лауазымды қызметкерлерге жаза қолдануды ұсынды

Түркістан облысында әдеп жөніндегі кеңес мүшелері кезекті кеңес өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.

Кеңес отырысында 9 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, отырыс қорытындысымен 3 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылды, ал қалған 6 қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолдану мерзімі өтуіне және осы іс-әрекеті бойынша тәртіптік жаза қолдану барысына тоқталды.

Сондай-ақ, әлеуетті мердігердің орындалмаған жұмысына қаржы аудара отырып заңды тұлғаға артықшылық көрсеткені үшін Сайрам ауданының білім бөлімінің басшысы Асан Бахытұлы Бабашовқа және Сайрам ауданындағы Ақсу өзені бойынан пайдалы қазбаларды заңсыз алып жатқан жер иеленушіге өз құзырет шегінде әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Керимов Асанали Исламбекұлына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Ал, Жер саласындағы заңнама талаптарын сақтамай, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінің әкімі Ерболат Исенбекұлы Раевқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсынылды.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі кеңесте 8 лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды, олар:

Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған жұмыстары бойынша Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Тәртіптік комиссия төрағасы Сабит Арапұлы Дауылбаевтың және Түлкібас ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Қуатбек Сағымбекұлы Еркебаевтың;

Әдеп кодексінің бұзушылықтары профилактикасын қамтамасыз ету бойынша 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы Әлішевтің;

Мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан тыс уақытта үстеме жұмыстарға тарту мәселесі бойынша жүргізілген рейдтік іс-шара қорытындысымен Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының, Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Түркістан қалалық білім бөлімінің, Түркістан қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшышалығының есептері.