ТҮРКІСТАН: Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мәселелер оң шешіліп жатыр

0
1 153

Байланыс орталықта тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымы қабылданады.


ТҮРКІСТАН: Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мәселелер оң шешіліп жатыр

Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығына 20-30 мамыр аралығында 4327 өтініш түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығына 20-30 мамыр аралығында 4327 өтініш келіп түсті. Оның 3816-не мезгілінде жауап беріліп, оң шешілген.


Қаралған мәселелердің басым бөлігі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, оның ішінде электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамту, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру, кәріз құдықшалары мен қоқыс қалдықтарын тазарту, ветеринарлық қызметтер көрсету, жол салуға байланысты.


Мәселен, Түркістан қаласының Құлыншақ ақын көшесіне суару жұмыстары жүргізілсе, Жаңқожа Батыр және Құлан ақын көшелері бойындағы көгалдарды суару жалғасуда. Арыс қаласы, Ө.Жәнібеков көшесі №1 үйдің алдындағы кәріз құдықшасынан тасыған кәріз суларына "Ақаба-Сервис" мекемесінің тарапынан тазаланды. Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылы, С.Мұханов көшесі №5 үй алдындағы жер астынан ағып жатқан суға мамандар тарапынан тиісті істер атқарылды.


Тұрғындардың мәселелерді жедел жеткізуі мен кері байланысты оңтайландыру бойынша өтініш беру көздерінің аясы кеңейген. Атап айтқанда, азаматтар 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу, «Aikey» мобильді қосымшасы, Telegram-да чат бот, Whatsapp желісі, Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы өтініштерін жолдай алады. Байланыс орталықта тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымы қабылданады.