ТҮРКІСТАН: Бітіруші сыныптар дәстүрлі оқуға оралады

0
1 950

Мектеп оқушылары компьютермен 100% қамтылды.


ТҮРКІСТАН: Бітіруші сыныптар дәстүрлі оқуға оралады

Түркістан облысында III тоқсанда қашықтықтан оқыту жалғасады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында III тоқсанда қашықтықтан оқыту жалғасады. Ал, 1-5 сынып оқушылары мен 9 бен 11-сынып оқушылары, яғни бітіруші сыныптар санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқитын болады. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен биылғы жылдың алғашқы лездемелік мәжілісінде қаралды.

Мектеп оқушылары компьютермен 100% қамтылды. Түркістан облысында мектептердегі компьютерлерге қажеттілікті жою үшін ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан 57 190 компьютерлік құрылғы сатып алынды.

Сондай-ақ, мектеп қорынан, жергілікті бюджет пен демеушілер есебінен сатып алынған 28 101 компьютер оқушыларға берілді. Облыс аумағындағы жалпы 918 мектептегі жалпы оқушылар саны – 499 975. Сондай-ақ отырыста білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге өткізу мәселелері, яғни білім саласындағы басқару жүйесінің өзгеруіне қатысты атқарылған жұмыстар мен инфекциямен күрес жұмыстарының барысы баяндалды.