ТҮРКІСТАН: Биыл Жетісайда 190 шақырым жол жаңарады

0
539

165 топырақ көшеде тас төсеу жұмыстары атқарылуда.


ТҮРКІСТАН: Биыл Жетісайда 190 шақырым жол жаңарады

Жетісайда 190 шақырым жол жөнделген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен облыстың оңтүстік аумағындағы аудандарда жол жөндеу жұмыстары басталған болатын. Осы орайда Жетісай ауданында жалпы ұзындығы 186,8 шақырымды құрайтын жол мен елді мекен көшелері жөндеуден өткізіліп жатыр. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар – 31 шақырымдық 2 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал облыстық маңызы бар –101,8 шақырымды құрайтын 9 жолға күрделі әрі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде 70,4 шақырым жол кедір-бұдырлы беттік өңдеу әдісімен жөнделу үстінде. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар - 53,1 шақырымдық 74 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, 63 шақырымды құрайтын 165 топырақ көшеде тас төсеу жұмыстары атқарылуда.

Аталған жұмыстардың қорытындысымен Жетісай ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі - 92%-ға жететін болады.