ТҮРКІСТАН: Болат Назарбаев қоры салып жатқан үйлер тамызда тапсырылады

0
1 156

Меценат 200 млн. теңгеге жуық қаражат бөлген.


ТҮРКІСТАН: Болат Назарбаев қоры салып жатқан үйлер тамызда тапсырылады

Мақтааралдағы Болат Назарбаев қорының 20 үйі қашан тапсырылатыны анық болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 20 үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сегіз нысанның іргетасы құйылып, қабырғасы қалануда. Бұл үйлерлің құрылысы 2020 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланған.

Атап өтсек, жаңа үйлердің құрылысы меценат Болат Назарбаев негізін қалаған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қаржысына салынып жатыр.

«Мырзакенттегі құрылыс жұмыстарын жергілікті «Жетісай-Құрылыс» пен «Тіней-құрылыс» компаниялары жүргізуде. Осылайша аудандағы құрылысшыларға демеу болып, уақытша жұмыс орындарымен қамтып отырмыз. Қазіргі басты мақсатымыз - салынып жатқан үйлерді уақытында аяқтау. Жекеменшік үйлердің алғашқы кілттерін тамыз айының басында тапсыруды көздеп отырмыз»,- дейді «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетов.

Айта кетсек, төрт бөлмелі үйлер жалпы ауқымы 100 шаршы метр үлгілік жобасымен салынып жатыр. Тұрғызылып жатқан үйлер Мырзакенттегі жаңа шағын ауданның екі көшесінің бойында орналасқан. Жиырма үйді тұрғызу жұмыстарына меценат 200 млн. теңгеге жуық қаражат бөлген.