ТҮРКІСТАН: Б.Саттарханов атындағы спорттық-сауықтыру кешені 2022 жылы пайдалануға беріледі

0
931

Тірек қабырғасын тұрғызу жұмыстары 100 пайыз аяқталған.


ТҮРКІСТАН: Б.Саттарханов атындағы спорттық-сауықтыру кешені 2022 жылы пайдалануға беріледі

Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы спорттық-сауықтыру кешеніндегі жұмыстарды бақылап қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған топ Бекзат Саттарханов атындағы спорттық-сауықтыру кешеніндегі жұмыстарды шолып шықты. Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенін реконструкциялау және 320 орындық қосымша ғимараттың іргетасын қалау, бірінші қабаттағы тірек қабырғасын тұрғызу жұмыстары 100 пайыз аяқталған. Құрылыс және монтаж жұмыстары жобаға сәйкес орындалуда, жобадан ауытқулар жоқ. Нысан 2022 жылы беріледі.


Спорт ғимаратының құрылысын сапалы жүргізуді тапсырған Өмірзақ Шөкеев жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.