ТҮРКІСТАН: Былтыр 170-ке жуық инвестициялық жобалардың құрылысы іске асырылған

0
1 265

Өткен жылы Түркістан облысында 40 миллиардқа жуық теңгенің жобалары жүзеге асқан.


ТҮРКІСТАН: Былтыр 170-ке жуық инвестициялық жобалардың құрылысы іске асырылған

2018 жылы Түркістан облысында республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 38, 7 млрд теңгеге 169 инвестициялық жобалардың құрылысы іске асырылған – деп хабарайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оның 71 пайдалануға берілсе, 98 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі. Бұл туралы Түркістан облысының Құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев журналистерге берген брифингте мәлімдеді. Кездесуде ол 2018 жылдың қорытындылап, 2019 жылдың жоспарларына тоқталып өтті.

Білім саласына бойынша 80, денсаулық сақтау саласында 11, спорт саласында 3, мәдениет саласында 2 нысанның құрылыс жүргізілген.
Өткен жылы Түркістан қаласында «ӘКК Түркістан» АҚ және жеке салушы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталған. Биылғы жылы осы үйлердегі пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы халыққа берілмек.
«Түркістан – жаңа қала» тұрғын үй кешенінде, аумағы 38 га жер телімінде 88 көпқаббатты тұрғын үй бой көтереді деп күтіліп отыр.