ТҮРКІСТАН: Былтыр 600 мың шаршы метрден астам тұрғынүй пайдалануға берілген

0
690

Тұрғындарды үймен қамту бағытында ауқымды жұмыс қолға алынған.


ТҮРКІСТАН: Былтыр 600 мың шаршы метрден астам тұрғынүй пайдалануға берілген

Түркістанда 200 нысан салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан өмір сүруге қолайлы, туризм мен спорт кластері дамыған шаһарға айналып келеді. Бұл бағытта нақты жоспарлар құрылып, олар жүзеге асып жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев рухани астанадағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Жалпы пандемия кезеңінде де Түркістан облысында құрылыс жұмыстары бір сәтке тоқтаған емес.


Бүгінде Түркістан облысы мен оның орталығы алып құрылыс алаңына айналған. Өңірде тұрғындарды үймен қамту бағытында ауқымды жұмыс қолға алынған. Былтыр 11 айда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 600 мың шаршы метрден асты.