ТҮРКІСТАН: COVID-19 вирусын жұқтырған әйел босанды

0
879

Жаңа туған ұл бала анасынан оқшауландырылды.


ТҮРКІСТАН: COVID-19 вирусын жұқтырған әйел босанды

Түркістан облысында COVID-19 індетімен ауыратын 20 жастағы жүкті әйел дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол Сайрам аудандық инфекциялық ауруханасына жүктіліктің 39 аптасында ЖРВИ симптомдарымен амбулаторлық қабылдауға жеткізілген. Сынама нәтижесі оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Айы – күні толып, толғағы қысқан әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде білікті дәрігерлердің қатысуымен арнайы консилиум өткізілген.

Әйел аман-есен тұңғышын дүниеге әкелді. Нәрестенің салмағы 3400 гр. Одан бірден коронавирусқа сынама алынды. Жаңа туған ұл бала анасынан оқшауландырылды. Текст қорытындысы нәрестенің бойынан COVID-19 инфекциясының табылмағанын көрсетті. Мамандардың айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы. Жеке бокста, дәрігерлердің жіті бақылауында. Анасының да жағдайы бірқалыпты.

Айта кетейік, былтыр өңірде короновирус инфекциясын жұқтырған 122 жүкті әйел аман-есен босанған. Түркістан облысында жыл басынан бері 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген. 2020 жылы өңірде 61 274 нәресте туылған. Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұр.