ТҮРКІСТАН: Департамент қызметкерлері «Мейірімділік үлгісі» акциясы аясында ұжым болып қан тапсырды

0
1 275

Мемлекеттік қызметкерлер донор болды.


ТҮРКІСТАН: Департамент қызметкерлері «Мейірімділік үлгісі» акциясы аясында ұжым болып қан тапсырды

Түркістанда «Мейірімділік үлгісі» атты қайырымдылық акциясы аясында ерікті азаматтар қан тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өзгеге өмір сыйлау – мейірімділік пен жақсылық жасаудың жарқын көрінісі, әрі өмір сүруге үміт отын жағудың айрықша үлгісі. Әлемде қан құйдыруға жыл сайын миллиардтаған адам мұқтаж болады. Қатерлі дертке шалдыққан жандарға қоғам болып көмек көрсету – әрбір адам баласының азаматтық борышы.

Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен қан тапсыру бойынша «Мейірімділік үлгісі» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шараның негізгі мақсаты – донорлық қан тапсыру арқылы талай жанның өміріне үміт сәулесін сыйлау және адам бойындағы мерейлі қасиет мейірімділік пен қайырымдылықты кеңінен насихаттау.

Қан тапсыру акциясы Түркістан облыстық қан орталығының филиалында таңғы сағат 10:00 мен түскі 12:00 аралығында өткізілді.

Мейірімділік науқанына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Дүйсешұлы бастаған департаменттің барлық қызметкерлері ерікті түрде қатысып, қайырлы іске жұмыла үлес қосты.

Алдағы уақытта ізгілік жолындағы игі істер «Мейірімділік үлгісі» аясында Департаменттің бастамасымен ұйымдастырылып, әрі қарай өз жалғасатын табатын болады.