ТҮРКІСТАН: Дін мәселелері зерттелуде

0
1 297


ТҮРКІСТАН: Дін мәселелері зерттелуде

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығымекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы зерттеулер шеңберінде, Қазақстан Республиксындағы діни жағдайларға сараптама беру, діннің деңгейін анықтау, сонымен қатар, халықтың діни конфессионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі мен діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдары қарастырылады деп күтілуде.

Осы мәселелер төңірегінде, қызығушылық білдірген мемлекеттік органдарға елдегі діни мәселелердің алдағы жылдарға дамуы болжамы туралы ұсыныстар дайындалады. Қорытынды есеп Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылады.

Айта кету керек, Қазіргі кезде әлеуметтану қорлар орталығы мемлекеттік органдар мен кездесулер өткізіп дін мәселелерінің зерттеудегі алдыңғы бағытын айқындалды. Бұл зерттеулер Астана, Алматы. Шымкент және Көкшетау қалаларын және Түркістан облысын қамтиды.