​ТҮРКІСТАН: "Достық керуені" Мақтааралға келді

0
1 350

Жиынға кенттер мен ауылдық округтердің тұрғындары мен мәдени орталық мүшелері қатысты.


​ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында ұлтаралық татулық пен ынтымақты сақтауға арналған жиын болып өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” мекемесінің ұйымдастыруымен өңірдегі ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты насихаттауға бағытталған “Достық керуені” тақырыбында жиын болып өтті.
Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” мекемесінің көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев пен “Проментор” ЖШС директоры Асылбек Жамалов, аудан тұрғындары мен мәдени орталық мүшелері қатысты.
Басқосуда Мақтаарал аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры Сүндет Кенжебаев “Жастар жылы” аясында аудандағы түрлі ұлттар мен этнос өкілдері жастары арасында атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті. Елдегі тұрақтылық пен достықты сақтаудағы ойларын ортаға салды.
“Біздің еліміз өзінің бейбітсүйгіштігімен, саяси тұрақтылығымен, этносаралық достығымен әлем елдеріне үлгі болып отырған бірден-бір ел. Сондықтан, барымызды бағалап, берекемізді сақтай білейік. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз күшеймесе тоқтамақ емес”, - деді Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” мекемесінің көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев.
Жиын барысында аудан ардагерлері мен мәдени орталық басшылары аудандағы ұлтаралық татулықты сақтау барысында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, көрсетіліп жатқан қамқорлықтарға алғыстарын білдірді.