ТҮРКІСТАН: Дүкеннен миллион теңгеден астам ақша ұрлаған күдікті ұсталды

0
1 287

Азық-түлік дүкенінің есігін бұзып кірген қылмыскер тұтқындалды.


ТҮРКІСТАН: Дүкеннен миллион теңгеден астам ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан қаласында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының полиция бөліміне белгісіз біреулердің дүкен есігін бұзып кіріп, азық-түлік пен жарты миллионнан астам ақшаны қолды еткендігі туралы жергілікті тұрғын арызданған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «ұрлық» бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынған.

Қылмысты ашу үшін қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде Түркістан қаласының жергілікті тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 10-ға жуық жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі миллионнан астам теңгені құрап отыр. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.