ТҮРКІСТАН: Екі ауданда білім саласында эксперимент жүргізілген

0
945

Эксперимент Төле би және Ордабасы аудандарында жүзеге асырылған.


ТҮРКІСТАН: Екі ауданда білім саласында эксперимент жүргізілген

Төле би және Ордабасы ауданында Білім беру сапасын ғылыми негізде көтеру мақсатында эксперимент жасалған. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, үлкен жетістіктерге жеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан қаласында өтіп жатқан «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесінде айтылды.
Өткен оқу жылында Облыстық білім беру басқармасының шешімі негізінде Төлеби және Ордабасы аудандарында «Білім беру сапасын ғылыми негізде көтеру» тақырыбында эксперимент өткізілді.
Облыстық білім басқармасы, Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, НЗМ ДББҰ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ арасында төрт жақты Меморандум жасалып, 2-ші және 6-шы сынып оқушылары қатысқан. Эксперимент Төле би және Ордабасы аудандарынан 18 мектеп, 138 мұғалім, 1651 оқушыны қамтыпты.
Эксперимент нәтижесінде білім сапасын айтарлықтай көтерілген. 2-ші сынып оқушыларының 4-ші тоқсандағы білім сапасы 1-ші тоқсанмен салыстырғанда пәндер бойынша 8,6%-дан 20%-ға дейін, ал 6-шы сыныптар бойынша – 8,9%-дан 23,8%-ға дейін көтерілген. Эксперимент тиянақты жүргізілген мектептерде 2-ші сынып оқушыларының білім сапасы 31,0%-ға, 6-шы сынып бойынша 55,0%-ға дейін жоғарылаған.
Айта кетейік, осындай аса күрделі әрі көлемді эксперимент елімізде бірінші рет өткізіліп отыр.
Нәтижесінде жеткен жетістіктердің саны да артқан.