ТҮРКІСТАН: Елбасы «Керуен-Сарай» көпфункциялы туристік кешенімен танысты

0
685

Бір-бірімен су арналары арқылы жалғасып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Елбасы «Керуен-Сарай» көпфункциялы туристік кешенімен танысты

Елбасы Түркістандағы «Этноауыл» кешенінде болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістандағы сапары барысында «Алтын Самұрық» ұшатын театрға барып, театрландырылған судағы шоуды тамашалады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың келуіне орай «Қыз қуу» театрландырылған көрінісі көрсетілді. Бұл Кешен «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 117,6 мың шаршы метр.

Сонымен қатар, «Керуен-Сарай» кешенінде болды. Онда «Жібек жолы» дәуірінен сыр шертетін саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр», ат ойындарын өткізетін амфитеатр, шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақүйлер мен мейрамханалар, SPA және фитнес орталық, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Олардың бәрі бір-бірімен су арналары арқылы жалғасып жатыр.