Түркістан ең көрікті қаланың біріне айналады – Мемлекет басшысы

0
1 205

Түркістан біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің алтын бесігі ретінде қайта қалпына келеді.


Түркістан ең көрікті қаланың біріне айналады – Мемлекет басшысы

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан еліміздегі ең көрікті қаланың біріне айналатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Шын мәнінде Түркістан облысы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Құрылыс қарқынды іске асырылып жатыр. Премьер-Министр өңірге жиі барып тұрады, яғни мәселені мұқият қадағалап отыр. Амандық болса, Түркістан біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің алтын бесігі ретінде қайта қалпына келеді. Керемет сымбатты қала болып шығады деп ойлаймын», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Аталмыш отырыс барысында облыс басшысы Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына облыстың жай-күйі жайлы баяндады.

Облыста инвестиция тартумен қатар, туристік жобаларды дамыту қолға алынған. 2025 жылға қарай аймаққа 4-5 млн туристі тарту жоспарланған.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Ө.Шөкеевтің айтуынша, облыстың ауыл шаруашылығы 4 пайызға дамып, тамшылатып суғару бойынша 1370 гектар жер өңделіп, екі есе көбейту көзделуде.

"Ауыз сумен қамту бойынша өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы", - деген Өмірзақ Шөкеев бұл мәселенің қолға алынып, биыл 43 елді мекенді ауыз су құбырымен қамтамасыз етіп, 7 елді мекендегі тозығы жеткен су құрылғылары жаңартылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, аталмыш мәселедегі қамту аймағы 80 пайызға жетеді деген Өмірзақ Естайұлы аймақтағы табиғи газ бен құрылыс мәселелерде де өсім бар екенін баса айтты.