ТҮРКІСТАН: Ерекше жандардың ерекше қойылымы

0
1 225

Мүмкіндігі шектеулі жандар «Бұлттардың арғы бетінде» қойылымын ұсынды.


ТҮРКІСТАН:  Ерекше жандардың ерекше қойылымы

Түркістан қаласында ерекше жандар, мүмкіндігі шектеулі актерлер "Бұлттардың арғы бетінде" музыкалық пьессасын сахналады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстандағы ерекше актерлердің алғашқы театры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның ұйымдастырушысы Ұлттық Дельфий Комитеті. Музыкалық пьессаны сахналау үшін ерекше қажеттілікке ие шығармашылық жастардан тұратын театр труппасы мен режиссерлік-қойылымдық труппа бір ай бұрын дайындықты бастаған. Қойылымның қоюшы-режиссері Таженов Бақыт Рахымханұлы.

"Ерекше жандардың театры деп атауға әлі ертелеу шығар. Ұлттық Дельфий Комитетінің шығармашылық лабороториясы деп атаған жөн. Бізге кез келген таланты мен талабы бар жас қатысуға тілек білдіре алады. Ерекше жандардың хореографиялық, актерлік, вокалдық шеберліктерін арттырып сахнаға алып шығу мақсатымыз. Олардың қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі болғанымен сахнада мүмкіндіктерінің шексіз екендігін көрсету,"- дейді режиссер.

«Бұлттардың арғы бетінде» қойылымына ғұмырының санаулы күндер қалғанына қарамастан арманынан алшақтамай өмір сүрген бала туралы оқиға арқау болған. Ғажайып деген оның өзі екенін білместен ғажайыпқа сеніп өмір сүруін жалғастырады. Ол айналасындағы адамдардың түпсанасын өзгерте алады. Бізге күлкілі болып көрінетін кей дүниенің тіптен олай емес екендігін түсіндіретін оқиға. Музыкалық қойылымды тамашалаған көрерменге қалың ой салары анық. Қоюшы-режиссері Бақыт Таженовтың айтуынша, өнерпаздардың 90 пайызы сахнаға алғаш шығып отыр. Актерлік құрам күн сайын актерлік шеберлігін, хореография, сахналық бейне, ым-ишара тілінің шеберлігі және т.б. қырынан жетілдірілуде. Труппада мүмкіндігі шектеулі 50-ден астам актер бар.

"Үш жыл бойы Ұлттық Дельфий Комитеті бүкіл труппа еркше қажеттілікке ие шығармашыл жастардан тұратын ерекше актерлердің бірегей театрын құру идеясын жетілдірді. Бүгін міне, ол идея да кемеліне келді! Ағымдағы жылы гранттың арқасында идеямызға іс жүзінде жүзеге асырылып отыр! Үш ай бойы педагогтердің актерлік шеберлік, хореография, сахналық бейне, ым-ишара тілі бойынша жұмыстары, психологтардың, ҰДО қазылар мүшелері, балалар мен олардың ата-аналарының күні-түні төккен маңдай терімен бүгін алғашқы жұмысымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз! Жыл соңына дейін бүкіл Қазақстанды аралауды жоспарлап отырмыз. Әр көрсетілімнен соң көрермендерге «еркін» микрофон ұсынылып, олар зал болып қойылымнан алған әсерлерімен бөлісе алады. Бұл практика бізге көрермендерден фидбэк алуға, нақты уақытта көргенінен оны түсінуіне жол ашады және керемет эмоцияларымызбен бөлісетінімізге сенімдімін", – деп атап өтті жоба авторы, Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры Құралай Түспекова.

Театрдың гастрольдік туры Петропавл (4, 7 қазан 2019 ж.), одан соң Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Семей, Павлодар, Шымкент қалаларында өтті. Гастрольдік турда 40 қойылыммен еліміздің 17 аймағын аралау жоспарланып отыр. Ұлттық Дельфий қазылар алқасы мүшелерінің арасындағы мәдениет қайраткерлерінің шеберлік сағаттарын өткізеді. Одан басқа, ұйымдастырушылар аймақтардағы мүмкіндігі шектеулі дарындардың қойылымға қатысуын қамтуға да ниетті.