ТҮРКІСТАН: Ерлікпен қаза тапқан жауынгердің наградасы туыстарына табысталды

0
543

Алматы қаласындағы террористік шабуылға тойтарыс кезінде көз жұмған.


ТҮРКІСТАН: Ерлікпен қаза тапқан жауынгердің наградасы туыстарына табысталды

Ерлікпен қаза тапқан түркістандық жас жауынгердің наградасы туыстарына табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматы қаласындағы террористік шабуылға тойтарыс кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының 2 курс курсанты Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы ерлікпен қаза тапқан еді. Ел үшін шейіт болған батырдың ерлігі үшін Мемлекет басшысының арнайы орденін табыстау Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының алаңында бір минуттық үнсіздікпен басталды.


Отан алдындағы борышына адал болып, ел тұтастығын сақтау жолында ерлікпен қаза тапқан жас ұлан Дәулет Бауыржанұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Қаза тапқан жас жауынгердің орденін аудан басшысы оның әкесі Шаймуратов Бауыржан Жұпарбекұлына салтанатты түрде табыстады.


Сонымен бірге, Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев пен әскери сала басшылары және Сарыағаш қаласының Ішкі істер Министрлігінің ардагері С.Бүркітбаев марқұмның отбасына көңіл айтты.