ТҮРКІСТАН: Әйелдерге зорлық көрсеткен 100 адам жауапкершілікке тартылды

0
729

Бұл - «Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында жүзеге асырылды.


ТҮРКІСТАН: Әйелдерге зорлық көрсеткен 100 адам жауапкершілікке тартылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында 100-ге жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР ІІМ бастамасымен полицейлер облыс аумағында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында жергілікті атқарушы органдар, білім, медицина, еңбек және әлеуметтік қорғау, қоғамдық ұйымдарының қатысуымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, оның алдын алу, ана мен баланы қорғау, халықты қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған шаралармен таныстыру болып табылады.

Осы мақсатта қызметтеріне белсене кіріскен полиция қызметкерлері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстарды жандандырды. Аталмыш іс-шараны өткізу шеңберінде білім ордаларының, жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесіп, семинарлар өткізіп, халыққа көрнекі жерлерге, билбордтарға ескерту, сақ болу жайлы жазбалары мен суреттері ілінді. Сонымен қатар насихат жұмыстарын одан әрі күшейту мақсатында облыс тұрғындарына жаднамалар таратылды.

Акция аясында Түркістан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметкерлері 400 қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырды. Оның ішінде 100-ден астам кәсіпорындар мен ұйымдарда өткізілді. Олардың басым бөлігі жастарға түсінікті болу үшін арнайы флешмобтар арқылы өтті.

«Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы барысында облыс полицейлерімен 100-ге жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ішкі істер органы есебінде тұрған тұлғалар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша мұқият тексерілді. Себебі полицейлер өз тәжірибесіне сүйенер болса, көптеген отбасылар үйлерінде болған келеңсіз жағдайларды ашып айта бермейді. Зорлыққа төзіп, өздерін құрбан етіп жатады. Сондықтан осындай жайттардың қылмысқа немесе орны толмас өкінішке айналмасы үшін, полиция қызметкерлері міндетті түрде есепте тұрған үйлерді аралап, тұрмыс тіршілігіне көз жеткізіп отырады.