ТҮРКІСТАН: Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы тағайындалды

0
971

Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.


ТҮРКІСТАН: Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы тағайындалды

Түркістан қалалық Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы болып Үсенбаев Талғат тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы болып Үсенбаев Талғат тағайындалды. Талғат Мырзабайұлы 1988 жылдың 3 сәуiрінде Түркістан қаласында дүниеге келген. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 2009 жылы "Есеп және аудит" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімінің келісім шарт негізіндегі инспекторы болып бастаған.

2012-2015 жылдары қалалық Экономика және қаржы бөлімінің экономикалық саясат және бюджетті жоспарлау секторының бас маманы, 2015-2021 жылдары Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Қала әкімі Рашид Аюпов Талғат Үсенбаевтың алдағы халық үшін маңызы зор инфрақұрылым саласында тынбай еңбек етіп, нәтижелі жұмыс атқаруын айтып, қызметіне сәттілік тіледі. Қала әкімінің орынбасары Жандос Тасов бөлім басшысын арнайы барып тағайындап, қызметкерлермен таныстырды.