ТҮРКІСТАН: Қайтарымсыз жәрдемақы аламын деп алданып қалды

0
1 176

Түркістан облысы полицейлері бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады.


ТҮРКІСТАН: Қайтарымсыз жәрдемақы аламын деп алданып қалды

Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының арқасында бір өзі 10-нан астам алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күдікті бұрын сотты болмаған жергілікті тұрғын болып шықты. Қолға түскен күдікті, арызданушылардың сеніміне кіріп, біреуіне мемлекеттік бағдарламамен жәрдемақы алып беремін десе, енді біреулеріне мүгедектікке, зейнеткерлікке шығарып беремін деп ақшаларын алып отырған.

Сарыағаш қаласының тұрғыны, аудандық полиция бөліміне арызданып келген. Ол өз арызында, қайтарымсыз жәрдемақы шығарып беремін деген танысына 550 000 теңгесін беріп, алданып қалғанын көрсеткен.
Келесі жайтта да, жергілікті тұрғын, өзін «Жоғары соммадағы зейнеткерлікке шығарып беремін» деген әйелге сеніп, 530 000 теңгесін бергенін айтып арызданған. Ұсталған күдікті осы екі адамды ғана емес, одан бөлек 9 Сарыағаштық тұрғынның ақшасын алып, 11 жайтқа қатысы бар екені анықталып отыр.

Жәбірленушілер келтірілген шығынның жалпы көлемі 3 миллионнан астам. Тұрғындардан келіп түскен арыз бойынша, аудандық полицейлер күдікті ретінде әйелді ұстады. Оның қылмыстық іс-әрекеттеріне орай ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, айыптау актісімен сотқа жолданды.

Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға алаяқтардың арбауына алданып қалмай, абай болыңыздар деп ескертеді. Сондай-ақ өз қаражатыңыз бен мүлкіңізге сақ болыңыз. Егерде осындай жайттар орын алған жағдайда «102» шұғыл телефон нөміріне хабарласыңыздар. Бұл өз кезегінде қылмыстың «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік бермек.