ТҮРКІСТАН: Қайырымдылық себеттері тарқатылды

0
506

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ең қажетті деген өнімдер.


ТҮРКІСТАН: Қайырымдылық себеттері тарқатылды

"Ақ жол" партиясының мүшелері қайырымдылық себеттерін үлестірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес аудандық «Ақ жол» ҚДП-ның мәслихат депутаттары Қырықбаев Сағдат және Күнтуған Жарылқасынның ұйымдастыруменен айлардың сұлтаны Рамазан айы қарсаңында Келес ауданындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық себеттері тарқатылды. Аталмыш қайырымдылық себеттері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ең қажетті деген өнімдермен жасақталған.

Аталған іс-шарада «Ақ Жол» ҚДП-ның депутаттары Келес ауданында орналасқан Біртілек, Қошқарата ауылдық округіндегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларда болды. Әр шаңырақтың қал-жағдайларымен жіті танысты. Баспана, жұмыс, медициналық мәселелер бойынша мұқтаждықтарын тыңдап, мүмкіндігінше кәсіпкерлер мен қайырымды жандарды ұйымдастырып көмек берілетіндігін айтты.