​ТҮРКІСТАН: Қала әкімі қарттарды Наурыз мерекесімен үйлеріне барып құттықтады

0
2 589

Әз Наурыз аясында сыйға бөленгендер қатарында жастарды тәрбиелеуге ұзақ жылдар бойы еңбек еткен мұғалімдер, көпбалалы ана, ақ халатты абзал жандар бар.


​ТҮРКІСТАН: Қала әкімі қарттарды Наурыз мерекесімен үйлеріне барып құттықтады

Қала әкімі Рашид Аюпов Ұлыстың Ұлы күнінде шаhардағы біршама қазыналы қарттарды үйлеріне барып, құттықтап қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаhар басшысы: "Сіздер барда, сіздердің ақ баталарыңыз барда біздің ісіміз де оңынан туып, алға қарай баса береді. Ұлыстың Ұлы күніне аман-есен жетіп, өздеріңізбен қауышу бұйырғанына, алдарыңызға аман келіп, көрісіп тұрғаныма қуаныштымын. Жылдан жылға есен-сау жетіп, әрдайым берекелеріңіз артып, арттарыңыздан ерген ұрпақтарыңыздың қызығын көре беріңіздер", - деген лебізін білдіріп, сый-сияпат көрсетті.
Ақ самайлы әжелер мен ақсақалдар да өз кезегінде күн мен түн теңелер шақта, жыл басы - Наурызда келіп құттықтағанына ризашылығын білдіріп, қызметіне табыс, әр бастамаларына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Әз Наурыз аясында сыйға бөленгендер қатарында жастарды тәрбиелеуге ұзақ жылдар бойы еңбек еткен мұғалімдер, көпбалалы ана, ақ халатты абзал жандар бар.