Түркістан қаласында «Алаш прайд»​ спорт клубы ашылды​

0
2 022

Қазақтың білекті жігіттері спорттың қай түрі болсада,қандай жарыс болмасын жүлдесіз қайтқан емес. Бүгінде жастардың аралас жекпе-жекке деген қызығушылығы ерекше.


Түркістан қаласында «Алаш прайд»​ спорт клубы ашылды​

Түркістан қаласында «Алаш прайд» спорт клубы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Спорттық нысанның ашылу күнінде арнайы халықаралық турнир өтті. Онда алты алаштың ұлдары сайысқа түсіп, мықтылықтарын көрсетті.

Елімізде «Алаш прайд» спорт клубының ашылғанына биыл 8 жыл. Осы уақыт аралығында аралас жекпе-жек түрінен дайындайтын мекеме Республиканың 5 өңірінде бар. Бұл, бүгінгі әуесқой спортқа деген қызығушылардың қатары артқанын аңғартады.

«Алаш прайд» кәсіпқой спорт клубының президенті - Данияр Қасқарауов.

Халықаралық турнирге Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан мемлекеттерінің спортшылары қатысты. Қатысушылардың жас ерекшеліктері 13-25 жас аралығында. Солардың бірі 24 жасар Абылайхан Қожахметов. Қарағанды қаласының тумасы, бүгін Түркістан облысының намысын қорғамақ.

«Аралас жекпе-жекпен 2004 жылдан бастап айналысып келем. Алаш прайд турниріне бірінші рет қатысып жатырмын.Бокс, күрес сынды спортың барлық түрінен жаттығып дайындалдым. Енді көреміз, бап па бақ па шабама мекен... Жеңіске жетуге барымды салам, - дейді ол.

Алдағы уақытта «Алаш прайд» турнирі әлемдек деңгейде ұйымдастырылады. Аталған спортты жетік меңгерген елдің ержүрек ұлдары көк туымызды биікте желбіретініне сенім мол.