Түркістан қаласында алғашқы ІТ сынып ашылды

0
2 429

Партия өз қызметін жаңғырту мақсатында биылғы жылдан бастап 22 жаңа жобаны қолға алды.


Түркістан қаласында алғашқы ІТ сынып ашылды

Облыс орталығы Түркістан қаласында заман талабына сай тағы бір ІТ- сыныбы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің базасында ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оған «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Темірбаев Алмасбек Мейірбекұлы, қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков пен қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Үмбет Жүсіпбаевтар қатысты.

«Нұротандық» А.Темірбаев өз сөзінде - «Нұр Отан» – жаңа бастамалардың, озық идеялардың, биік парасаттылықтың партиясы екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеп келді. Партия өз қызметін жаңғырту мақсатында биылғы жылдан бастап 22 жаңа жобаны қолға алды. Бұл жобалар Түркістан қаласында ерекше қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Соның жарқын дәлелі – бүгін ашылып отырған жаңа ІТ сынып. Басты мақсат – факультативті сынып сабақтарын дамыту, яғни, оқушылардың ақпараттық технологияға, робототехникаға, инновациялық жобаларға қызығушылығын арттыру,- екендігіне тоқталды.
Елбасы ұсынған “Цифрлық Қазақстан” – цифрлық технологияны меңгеру ғана емес, жаңа заманға бейімделу. Елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін қолға алынған бағдарлама қоғамнан жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. Ол үшін азаматтардың ІТ-сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды күнделікті өмірде кеңінен қолдану міндеті тұр. Орталықтың басты ерекшелігі – жылдам интернет, адамдардың жайлылығы мен емін-еркін сұхбаттасуына жасалған жағдай-дейді қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков.
Нұротандықтар бұл жұмыстар жастардың әлемдік жобаларға қатысып, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасап, еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуына өз септігін тигізеді деп есептейді.
Иә, уақыт озған сайын небір технологиялық, идеологиялық жаңалықтар өмірімізге дендеп енуде. Соның бірі аталған заманауи сыныптар.Мұндай сыныптар әлі-ақ еліміздің барлық өңірінде ашылып қызығын күллі халық көретініне сеніміміз мол.