Түркістан қаласында пиротехникалық бұйымдарын сату орындарына рейд жүргізілді

0
989

Рейд барысында пиротехника өнімдерінің пайдалану ережелері түсіндірілді.


Түркістан қаласында пиротехникалық бұйымдарын сату орындарына рейд жүргізілді

Жаңа жыл қарсаңындағы пиротехникалық бұйымдарды сату орындарына рейд жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменттің негізгі басты мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алу соның ішінде адамдардың зардап шегуін болдырмау болып келеді.

Департаментпен Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде пиротехникалық заттарды қолдану барысында жазатайым оқиғаларды алдын алуға бағытталған іс-шараларды қарқынды түрде жұмыстра ұйымдастыруда.

Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базарында кезекті рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейдтік іс-шара барысында сатушылар мен сатып алушыларға пиротехникалық заттарды сату және сақтау, қолдану бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша қала тұрғындарының арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, пиротехника өнімдерінің пайдалану ережелерін жеткізді.