Түркістан қаласында сотты болған 14 азамат қайта қылмыс жасаған

0
958

Түркістанда сотталғандардың және олардың ата-аналары мен туысқандарының қатысуымен жиын өтті.


Түркістан қаласында сотты болған 14 азамат қайта қылмыс жасаған

Түркістан қаласында бұрын сотты болған, пробациялық бақылауда болған 14 адам қайта қылмыс жасаған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебіне жыл басынан бері 243 сотталған тіркелген. Оның арасында 14 сотталған қайта қылмыс жасап отыр. Сонымен қатар аталған пробация қызметінің өкілдерінің мәлімдеуінше есебінде тіркеуде тұрған сотталғандардың арасында жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуға бейімді 45 сотталған бар көрінеді. Осы тұлғалардың қайта қылмысқа бармауы мен алдын-алуына ықпал жасауы бойынша департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Айдар Нурсеитовтің төрағалығымен департаменттің мәжіліс залында сотталғандардың және олардың ата-аналары мен туысқандарының қатысуымен жиын өткізді.

"Сондай-ақ жиынға Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшелері қатысып, қайта қылмысқа бармау бойынша сотталған тұлғалар мен олардың туысқандарына құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері түсіндірілді,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.