Түркістан қаласында ҰБТ тапсыру басталды

0
730

Ата-аналар үйде онлайн бақылай алады.


Түркістан қаласында ҰБТ тапсыру басталды

Түркістан қаласының түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсыруды бастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгіннен бастап Түркістан қаласының мектеп бітіруші түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсыруды бастады. 26 маусым мен 1 шілде аралығында жалпы саны 1154 жас түлек Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да қарастырылған 14 аудиторияда білім сынағынан өтеді.

Айта кетейік, ҰБТ нәтижесі тапсырған күні тестілеу өткізу орнындағы ақпараттық тақтаға ілінеді. Одан өзге, www.testcenter.kz сайты арқылы да білуге болады. Тапсырған соң бланк түріндегі емес, электронды түрдегі сертификат беріледі. Ал, ата-аналар тек үйде онлайн түрде баласының тест тапсыру сәтін бақылауына рұқсат етіледі. Ол үшін ұлыңыз немесе қызыңыз білім алған мектеп басшылығынан арнайы логин мен пароль алып кіру қажет.

Айта кетейік, еліміздегі карантин жағдайына байланысты әр тест тапсырушының кіреберісте дене қызуы тексеріліп, медициналық бетпердемен қамтамасыз етілуі жіті қадағаланады, арақашықтық сақталады. Жоғары температура анықталған жағдайда, ҰБТ-ны басқа күні тапсыруға мүмкіндік болады. Жас өрендерге сәттілік тілейміз!