Түркістан қаласындағы бірнеше мектепке атау берілді

0
665

Іс-шараға қала әкімі қатысты.


Түркістан қаласындағы бірнеше мектепке атау берілді

Түркістан қаласында бірқатар білім ошағына атау берілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы орталығындағы 8 мектепке ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес атау берілді. Атап айтсақ, №14 жалпы орта мектебі Қазыбек би, №19 мектеп Төле би, №21 мектеп М. Пошанов, №22 мектеп Б. Момышұлы, №23 IT мектеп-лицейі Жұмабек Тәшенев, №24 мектеп М.Шоқай, №26 мектеп Әйтеке Би, №27 IT мектеп-лицейі Ө.Жәнібеков есімімен аталатын болады.

Бүгін шаһар басшысы Рашид Аюпов, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Серікбай Ибадуллаев және өзге де зиялылар Түркістан қаласында 15 жыл бұрын салынып, қаншама шәкірттің білім алып, тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік берген №21 жалпы орта мектептің атау беру рәсіміне қатысты.

"Қоғам қайраткері, ақын Мырзахан Пошанов қандай қиыншылық болмасын төтеп беріп, елім, жерім деп өткен адам. Сол себепті мұндай даңқты тұлғаның есімі қаламыздағы өзіндік орны бар білім ордасына берілуінің де маңызы зор. Бұл мектеп жастарының атауын ескеріп, абыройын арттырып, атын шығара беруіне тілектеспін!",- деп лебізін білдірді Рашид Абатұлы.

Жалпы, 2020-2021 оқу жылында М. Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебінде 1 сыныпта 173, ал жалпы 1-11 сынып аралығында 1650 оқушы білім алуда.