ТҮРКІСТАН: "Қамқорлық" орталығында жаңажылдық кеш өтті

0
724

Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты орталық жаңа технологиямен жабдықталған.


ТҮРКІСТАН:

Түркістандағы «Қамқорлық» балалар оңалту орталығында жаңа жыл мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығында жаңа жыл мерекесі аталып өтті. Оңалту орталығының балалары үшін арнайы ойындар өткізіліп, сыйлықтар берілді. Бүлдіршіндер мерекелік көңіл-күймен ән айтып, би билеп шаттанды.


Атап өтсек, «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жаңа технологиямен жабдықталған. Оңалту орталығында тірек-қимыл жүйке жүйесі аппаратының бұзылыстары бар бөбектерге, балалардың церебральді сал ауруы, туа бітті сүйек ақаулары бар, микроцефалия, гидроцефалия, монопарез, өзге де тұқым қуалайтын аурулар мен дауна синдромы, мидың туабітті ақаулары бар балаларды емдеу мен оңалту жұмыстары жүргізіледі.


Сонымен қатар орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерпаия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. 1-14 жас аралығындағы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларға көмек көрсетілуде. Орталық ашылған күннен бастап бүгінге дейін төрт жүзге жуық балаға көмек көрсетілді.