ТҮРКІСТАН: Каналдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
1 027

Аталған жобалар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.


ТҮРКІСТАН: Каналдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сарыағаш ауданындағы каналдар күрделі жөндеуден өтіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев аудан экономикасының негізгі тірегі ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан егістік жерлерге ағын су жеткізіп беру басты мәселелердің бірі ретінде атап көрсеткен еді.

Осы орайда аудан көлеміндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және суды үнемдеу мақсатында бірқатар су шаруашылығы нысандарына күрделі жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтері аумағынан өтетін Хожахан (18,8 шақырым) және Сұрым (5,4 шақырым) каналдарын бетонмен қаптау жұмыстары, сондай-ақ аудан аралық Шошым (15 шақырым) каналының аудан аумағындағы бөлігінде механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан аумағынандағы басқа да каналдарға күрделі жөндеу (бетонмен қаптау) жұмыстарын жүргізу үшін Р-4-2, Шаншар құлақ, Құлтума, Шошым және Үлкен Келес магистралдық каналдарына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жобалар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.