ТҮРКІСТАН: Карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолданылып жатыр

0
811

Тәртіпке бағынбайтындар айыппұл арқалайды.


ТҮРКІСТАН: Карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолданылып жатыр

Сарыағаш ауданындакарантин талабын сақтамағандарға айырпұл салынуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында карантин режиміне байланысты арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда, оған құлақ асып жатқан кәсіп нысандары көп емес. Осыған байланысты мониторингтік топ жүргізген рейдте карантин талаптарын сақтамағаны үшін Сарыағаш қаласында орналасқан «Поти» автожуу орны, «Dana», «Береке» кіші маркеттері және «Big Doner» қоғамдық тамақтану орындарына карантин талаптарын сақтамағаны үшін ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 тармағына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 тармағына сай жеке тұлғаларға 30 АЕК (83340 теңге), шағын кәсіпкерлерге 230 АЕК (638940 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұл ретте, кәсіп нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуде және жұмыс уақытында олқылық жібермеу қажет.

Құрметті тұрғындар, егер сіздер карантин талаптарын бұзып жұмыс істеп жатқан сауда нысандарына куә болсаңыздар мына төмендегі нөмерлерге хабарласа аласыздар.

Сарыағаш аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы телефоны – 2-14-75, 8702-518-24-75 Анарбаев Әбілқасым.

Аудандық полиция бөлімі телефоны – 2-15-73, 8702-375-32-32 Кожабеков Олжас.

Аудан әкімі аппараты телефоны – 2-10-70, 8775-864-50-30 Есенбаев Нұрдаулет.