ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік нысандар жұмыс істеу үшін "InfoKazahstan" сайтына тіркелуі қажет

0
1 728

Мобильді топ өкілдеріне жауапкершілік жүктеліп отыр.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік нысандар жұмыс істеу үшін

Келес ауданында карантин режимінің орындалуы бойынша жиын өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысының орынбасары Абай Жаңбырбаевтың төрағалығымен карантин режимінің орындалуы бойынша жиын өтті. Жиынға аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Спандияр Оразымбетов, аудандық полиция бөлімінің өкілдері, аудандағы мобильді топтардың жетекшілері қатысты.

Жиында мониторинг топ мүшелері өз саласына қатысты ескертулерін айтты. Мысалы, карантин талаптарына сәйкес кез-келген қоғамдық орындарды дезинфекциялау шарт. Дегенмен, мобильді топ мүшелері бірқатар кемшіліктерді анықтағанын алға тартты, одан бөлек, мониторинг жүргізу кезінде кедергілерге тап болғанын айтылды.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлік нысандар өз жұмысын бастау үшін ең әуелі "InfoKazahstan" сайтына тіркелуі тиіс. Содан кейін ғана Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерініңқаулысында көрсетілген нақты талаптарды орындай отырып, өз жұмысын бастай алады.

Жиында сөз алған аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Оразымбетов: «Бүгінгі таңда аудан аумағында карантин талаптарының орындалуы бойынша күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілгенімен, талапқа құлақ аспай жатқан тұрғындардың қарасы әлі де болса бар. Ендігі кезекте заң талаптарын толықтай сақтап, тұрғындардың бірінші байлығын сақтау барысында бірлесе жұмыс істеуіміз керек», - деді.

Ал жиынды қорытындылаған А.Жаңбырбаев: «Аудандағы кәсіпкерлік нысандар, сол сияқты мемлекеттік мекемелер, аудан тұрғындарының жеке өзі талапқа сай іс әрекет жасаса, бұл індеттен құтыларымыз сөзсіз. Сондықтан мобильді топ өкілдері Сіздерге бұл кезеңде жауапкершілік үлкен. Біз қоғамның денсаулығына жауаптымыз. Осы сөзді ұраныға айналдыра отырып, бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын мүлдем тоқтатуға болмайды. Түсіндіру азайса, еркінсу пайда болып, режим бұзылады. Арты жақсылыққа алып келмейді», - деп, тиісті мекеме өкілдеріне тапсырмалар жүктеді.