ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік нысандары кезең-кезеңімен локдауннан шығарылады

0
616

Түркістан облысында жаңа плаформа іске қосылды.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік нысандары кезең-кезеңімен локдауннан шығарылады

Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандары локдауннан шығару үшін арнайы «InfoKazakhstan» электронды платформасы іске қосылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жоба эпидемиологиялық қатерлерді азайтуға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жаңарту үшін қолайлы жағдай туғызатын құрал болады.

«InfoKazakhstan электронды платформасы кәсіпкерлердің ыңғайына қарай және адами фактордың әсерінсіз бизнестің локдауннан шығуының ашықтығын қамтамасыз ете отырып іске қосылды. Аталған рлатформа арқылы әр кәсіпкер қызметін қайтадан іске қосу үшін өтініш бере алады», - деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.

Платформаның қарапайым интерфейсі қысқа мерзімде 4 қадам арқылы кәсіпкерлік нысанның санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуға мүмкіндік береді. Бірінші қадамда кез-келген азамат «InfoKazakhstan» сайтына кіріп, ұйымды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, кәсіпкерлігіне қойылған талаптармен таныса алады. Ал, бизнестің жекелеген түрлері жұмысын тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастай алады. Екіншіден, кәсіпкерлік нысанды талаптарға сай дайындап, электронды өтінім беріп, жұмыс бастайтынын растайды . Үшіншіден, кәсіпкер санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру жүргізуін күтеді. Төртінші қадам бойынша тексеру жүргізілген соң нәтиже оң болса, онда жеке кабинетте жұмысты қайта бастауға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін жүктеп алу қажет. Егер нәтижесі теріс болса, онда олқылықтарды реттеп, өтінім қайта жіберіледі.

Бұл ретте кәсіпкерлер бизнестің жұмыс істеуге дайындығы туралы өтінішті жүктеп, санитарлық нормалар мен талаптарды сақтайтындарына кепілдік береді. Талаптар орындалмайтын болса айыппұлдық санкциялар қолданылады. Сайтта қоғамдық бақылау функциясы да жұмыс істейді. Кез келген азамат кәсіпорын тарапынан санитарлық нормалардың бұзылғаны жайында шағым түсіре алады. Ал жеке кабинет арқылы кәсіпкер өтініштің қаралу деңгейін бақылап, электроны өтініш, азаматтардан келіп түскен ұсынымдар мен шағымдарды қарай алады.

Сондай-ақ, сайтта әкімдіктер, санитарлық дәрігерлер, полиция, өңірлік палаталар және тұтынушылар лигасы өкілдерінен құралған тұрақты мониторингтік топ жұмыс істейтін болады. Ресурс қызметін бір мезгілде 150 000 тұтынушы пайдалана алады.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және аудандық филиал қызметкерлері кәсіпкерлерге ЭЦҚ алуда және жаңартуда көмектер беріп, сүйемелдеуге дайын. Барлық сұрақтарды бірыңғай байланыс-орталығына 1432, 109 (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, қоюға болады.

Айта кетейік, жалпы карантин Түркістан облысында қызмет көрсету және сауда саласындағы 39 мыңнан астам кәсіпкердің қызметіне теріс әсер етті. Аталған салада 76 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жедел штабтың 3 мың кәсіпкерге жүргізген сауалнама нәтижесі қатысушылардың 45%-ы жұмыскерлерін қысқартқан немесе ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болғанын көрсеткен. Мамандар осы мәселені кезең-кезеңімен оңтайлы шешілуіне зор ықпал ететінін айтады.