ТҮРКІСТАН: Қатты жылдамдықпен жарысқан екі жүргізуші жазаланды

0
796

Екі көліктің де жүргізушісі анықталып, оларға хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа қойылды.


ТҮРКІСТАН: Қатты жылдамдықпен жарысқан екі жүргізуші жазаланды

Түркістан облысы полицейлері жарысқан жүргізушілерді жауапқа тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде Түркістан қаласы А.Байтұрсынов және Жібек жолы көшелері бойында екі BMW автокөлігінің өте қатты жылдамдықпен жарысқаны жайында бейнежазба таралған болатын.

Аталған жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, құқықбұзушылық жасаған BMW маркалы автокөліктерді анықтау мақсатында түркістандық полиция қызметкерлері шұғыл іске кірісті.

Тексеру барысында 2 көліктің де жүргізушісі анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК 595-бабы 1-бөлігімен және 606-бабыбойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа қойылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді.