ТҮРКІСТАН: «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

0
624

Ғасырдан астам тарихы бар басылым мен бүгінгі журналистикаға қатысты өзекті ойларды қозғады.


ТҮРКІСТАН: «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Түркістанда «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл азаттықтың алғашқы қоңырауы атанған «Қазақ» газетінің жарық көргеніне 110 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін Түркістандағы "Оқушылар сарайы" - ЮНЕСКО клубында «Қазақ» газеті - Алаш аңсарының айнасы» тақырыбымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


Аталған іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған "Оқушылар сарайының" директоры Индира Икапова, «Turkistan Media Holding» ЖШС-ның басқарушы директоры, журналист Бейсен Тельман мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Бекжігіт Сердәлі мерейтоймен құттықтап, тағылымды конференция жұмысына сәттілік тіледі.


Ал, пленарлық мәжілісте "Қазақ" газеті – Алаш үні" тақырыбында Алаштанушы, журналист, "Түркістан" телеарнасының қызметкері Мәриям Абсаттар, "Қазақ" газетіндегі көркем шығармалар және әдебиет мәселесі" тақырыбында "Qyr balasy" Қоғамдық қорының атқарушы директоры Данияр Ихсан, баяндама жасады.


Сонымен бірге, конференцияда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры Гүлнар Мамаева, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Дәулетбекова Жанат, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Тарих» кафедрасының доценті, PhD Эрен Акдениз, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі, педагог-модератор Рано Супабекова,Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі Есбалаева Роза, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің қызметкері Мехмет Каваклы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің филология факультетінің магистранты Айтимбетова Фариза сынды спикерлер баяндама жасап, ғасырдан астам тарихы бар басылым мен бүгінгі журналистикаға қатысты өзекті ойларды қозғады.