ТҮРКІСТАН: «Қазақ күресі» дәстүрлі турнирі Сайрамда жалғасады

0
541

Келес ауданынан жарыс эстафетасын қабылдап алды.


ТҮРКІСТАН: «Қазақ күресі» дәстүрлі турнирі Сайрамда жалғасады

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен дәстүрлі турнир Сайрамда өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен дәстүрлі турнир 58-ші рет ұйымдастырылып, 120 балуан қатысқан жарыста кіл мықтылар анықталған болатын. Сонымен қатар, 31 спортшы «түйе балуан» атағы үшін таласқан. Талай-талай буынды спортқа баулып, бұқаралық спорттың дамуына айтарлықтай үлес қосқан бұл жарысты ел арасында «кіші әлем чемпионаты» деп те атаған. Күні бүгінге дейін жарыс маңыздылығын жоғалтпай келеді. Ұлттық спортты насихаттауда қара шаңырақ басылым «Оңтүстік Қазақстан» газетінің еңбегі өлшеусіз.


Айта кету қажет, Келес ауданынан жарыс эстафетасын Сайрам ауданының әкімдігі қабылдап алды. Келесі турнир 2022 жылы саялы Сайрам жерінде жалғасатын болады.