ТҮРКІСТАН: Қазақстан мен АҚШ дәрігерлері балаларды тексеріп жатыр

0
588

24 желтоқсанда да сағат 9:00 бен 18:00 аралығында жалғасын табады.


ТҮРКІСТАН: Қазақстан мен АҚШ дәрігерлері балаларды тексеріп жатыр

АҚШ-тың және еліміздің білікті офтальмолог-дәрігерлерінен құралған мамандар балаларды тексеруден өткізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазір балалар ұялы телефонда телміріп ұзақ отырады, соның салдарынан қоғамда көздің қылилануы, нашар көруі белең алып жатыр. Осы мәселені алдын алу мақсатында қазақстандық «ОDOS» қорының ұйымдастыруымен, Түлкібас ауданы әкімдігінің қолдауымен игі іс қолға алынды.


Ауданда 6 мен 9 жас аралығындағы бүлдіршіндердің көздерін отасыз қалыпқа келтіру мақсатында АҚШ-тың және еліміздің білікті офтальмолог-дәрігерлерінен құралған мамандар 22 желтоқсаннан бастап тегін қабылдау өткізуде.


Аудандық емханада өтіп жатқан қабылдауға екі күннің ішінде көз ауруы мазалаған 100-ге жуық бүлдіршін қаралып үлгерген. Игі іске мұрындық болған қордың президенті Нұржан Байтеміровтың айтуынша, қаралу барысында көзінде кемшілік анықталған бүлдіршіндерге 2-3 айдың ішінде тегін көзілдіріктер берілетін болады.


Айта кетейік, аталмыш іс-шара ертең, яғни, 24 желтоқсанда да сағат 9:00 бен 18:00 аралығында жалғасын табады. 6 мен 9 жас аралығындағы көзінде кемшілігі бар бүлдіршіндер ата-анасымен келіп, тегін қарала алады.