ТҮРКІСТАН: ​«Қазақстан полициясы күні» қарсаңында 100-ге жуық полицей марапатталды

0
1 547


ТҮРКІСТАН: ​«Қазақстан полициясы күні» қарсаңында 100-ге жуық полицей марапатталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясы күніне» 27 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты жиында қауіпті қызмет бабында қаза тапқан батыр полицейлерді еске алып, даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою, полиция қызметкерлерінің ант қабылдауы, сонымен қатар ардагерлерімізді марапаттау рәсімдері болды.

Мерекелік іс-шара барысында өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ҚР ІІМ тарапынан 15 полицейге түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылса,ТО ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков 30-дан астам полицейді грамотамен, 40-қа жуық қызметкерді алғыс хатпен марапаттап, 50 тәртіп сақшысына алғыс жариялады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатымен 7, мәслихат атынан 5, Нұротан партиясы тарапынан 14, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ атынан 3 полицейге алғыс жарияланды. Жедел қызметтегі жоғарғы нәтиже Сондай-ақ марапатталғандардан бөлек, Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығымен кейбір полицейлердің тәртіптік жазалары алынып тасталды.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасына береке, қызметтеріне толағай табыс тіледі.

Салтанатты іс-шара соңы дарынды полицейлер мен облыстық эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.