ТҮРКІСТАН: Қазақстанда алғашқы Антиризистік жоба іске асырылып жатыр

0
2 967

Мақсат - төтенше жағдайдың алдын алу.


ТҮРКІСТАН: Қазақстанда алғашқы Антиризистік жоба іске асырылып жатыр

Түркістан облысында бірегей Антикризистік карта жасалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша Антикризистік карта жасалды. Бұл жоба республика бойынша алғаш рет Түркістан облысында жүзеге асуда.

Облыс әкімдігі жанынан құрылған Ситуациялық орталық пен облыстық ТЖД бірлесе отырып жасаған картаға сәйкес, облыс аумағында 200-ден аса орын алуы ықтимал төтенше жағдай сипатталған. Антикризистік карта аясында мемлекеттік органдарға арнап жұмыс алгоритмі бекітілді. Аталған нұсқаулық облыстың барлық аудан, қала әкімдіктері мен 23 басқарма басшыларына және облыстық полиция, Төтенше жағдай департаментіне таратылып берілді. Карта мониторингі бойынша Ситуациялық орталыққа әкімдіктер, басқармалар мен авариялық қызметтерден келіп түсетін ақпаратқа терең анализ жасалып, бұл талдау өз кезегінде тиісті күштерді оқиға орнына жіберуге жедел шешім қабылдауға, салалық қызметтерді құтқару жұмыстарына тартуға ықпал етеді.

Картада көрсетілгендей төтенше жағдай орын алса 24/7 форматында жедел ақпараттық штаб құрылады. Ақпараттық штаб "Алтын сағат" ережесіне сай кез келген оқиға орын алған сәттен 45 минут ішінде ресми ақпарат таратуы тиіс. Осы және өзге жұмыстар тізбесі Отырар ауданында өткен

"Түркістан облысында төтенше жағдайдың алдын алу" оқу-жаттығы шарасы барысында талқыланды. Аталған шарада Антикризистік карта облыстың аудан, қала әкімдері мен жұртшылыққа және БАҚ өкілдеріне таныстырылды.