ТҮРКІСТАН: Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Этноауыл» кешенін аралады

0
625

Қолөнершілер көшесін аралады.


ТҮРКІСТАН: Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Этноауыл» кешенін аралады

Елбасы Түркістандағы «Этноауыл» кешенінде болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының аумағында орналасқан интерактивті этноауылға барып, қолөнершілер көшесін аралады. Қолөнершілер көшесінде ағаш ұсталарының, тоқымашылар мен киіз басушылардың, қыш бұйым жасайтын шеберлердің, зергерлердің, тас қашаушылардың 5 түрлі тақырыптық шеберханасы қамтылған. Нұрсұлтан Назарбаев этноауылдағы көшпенділер асханасын да тамашалады.