ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданында 100 провизорлық орын бар

0
1 261

Ауруханада қазіргі таңда індетке қажетті барлық дәрі қоры жеткілікті.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданында 100 провизорлық орын бар

Қазығұрт аудандық ауруханасы 300-ге жуық науқасқа шақталған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық ауруханасы 300-ге жуық науқасқа шақталған. Оның ішінде 100-і провизорлық орын. Ауруханада 7 өкпені жасанды желдеткіш аппараты мен 7 оттегі концентраты бар. Сондай-ақ, жедел пульсометр, термометрлермен қамтылған. Ауруханада қазіргі таңда індетке қажетті барлық дәрі қоры жеткілікті. Пандемия басталғалы онда 520 науқас түсіп, 430-ы жазылып шықса, қазір 84 адам ем алуда. Сондай-ақ, ауданда науқастарды үйлеріне барып емдеу үшін 21 мобильді топ құрылған.

Айта кетерлігі, қазығұрттық кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентратын тарту еткен. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірлігі мен Қытай елінен гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектер аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Бұл препараттар емделушілерге дәрігердің нұсқауымен тегін тағайындалады. Барлығы арнайы мониторингтік топтың жіті бақылауында.

Бұдан бөлек, аудандағы «Ашыбұлақ» жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат салу құрылысынің жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер «MD Construction Ltd» ЖШС. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған мектеп биыл пайдалануға беріледі. Онда қазіргі таңда 36 адам жұмыспен қамтылған. Аудан көлеміндегі жалпы 4 мектептің де құрлысы биыл аяқталатын болады.