ТҮРКІСТАН: Қазығұртта 2 спорт кешені ашылды

0
487

Ашылу салтанаты аясында аудандық турнир ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта 2 спорт кешені ашылды

Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында 2 жабық кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында 2 жабық кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Алаңды ауыл азаматы, кәсіпкер Тұяқбаев Бақберген өз қаржысына салып берді. Жасанды алаң мен жабық ғимарат кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Футбол алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Айдарұлы, ауыл азаматтары, спорт сүйер қауым қатысты.


«Өз өмірін кәсіби спортпен байланыстырғысы келетіндер осы спорт кешеннен табылатынына сенімдімін», – деді аудан әкімі.


Ашылу салтанаты аясында аудандық турнир ұйымдастырылып, жарысқа 10 команда қатысты. Ойын тартысты өтіп, жеңімпаз бен жүлдегер командаларға, үздік ойыншыларға демеушілер тарапынан арнайы мақтау қағаздары мен дипломдар тапсырылды.