​ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық шаруалар қойларын экспорттап жатыр

0
2 277

Қазығұрттық шаруа қожалығы қойларын Өзбекстан, Ресей, Иран елдеріне экспортқа шығарып жатыр.


​ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық шаруалар қойларын экспорттап жатыр

Қазығұрт ауданындағы «Сапа 2002» шаруа қожалығында 4638 бас меринос қойы, 3864 бас қылшық жүнді қой бар - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгінде бұл қожалыққа 155 құрылтайшы біріктірілген. Шаруа қожалығына 5601,24 гектар жер тиесілі. 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын да айта кеткен жөн.


«Бізде қой басына арналған 10 мың бастық бордақылау алаңы бар. Былтыр бордақылау алаңына 10 мың қой басын кіргізген болатынбыз, қазір таңда 4,5 мың бас бар, 3 мың бас Ресей, Иран,Өзбекстан елдеріне экспортталды. Бұдан бөлек Араб елдері де қызығушылық танып отыр. Бізде меринос және қылшық жүнді құйрықты қойдың түрлері бар. Бүгін таңда аталған қой тұқымдары сұранысқа ие",-дейді Әшіров Ерәлі Нұржанұлы, «Сапа 2002» шаруақожалығы директорының орынбасары.

Мұндағы шаруалар қойдан бөлек, 300 бас жылқы, 300 бас ірі қара малды бағып отыр.

«Сапа 2002» шаруа қожалығы бүгінде бидай, мақсары, жоңышқа өндіру мәртебесіне ие болған, 2013 жылы өндірістік қуаттылығы жылына 2160 тонна құрайтын май цехын да іске қосыпты. Шаруашылық ірілендіру нәтижесінде «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынанжылда жаңа техникалар лизинг негізінде сатып алынған.

Жалпы Қазығұрт ауданында 2018 жылы 392 бордақылау алаңы салынған. Осыған орай, мемлекет тарапынан 732 678 млн теңге субсидия берілген болатын.