ТҮРКІСТАН: Келес ауданы орталығының жер көлемі ұлғайтылатын болады

0
3 427

Абай ауылында мақсатына сай пайдаланылмай жатқан және бос жатқан жерлерді заңсыз иелену және пайдаланудың алдын алу мақсатында арнай топ құрылған.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданы орталығының жер көлемі ұлғайтылатын болады

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында мақсатына сай пайдаланылмай жатқан және бос жатқан жерлерді заңсыз иелену және пайдалану бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, пайдаланылмай жатқан коммерциялық мақсаттағы 10 жер учаскесі, тұрғын үй құрылысы үшін берілген 31 учаскенің құжаттары жинақталып, аудандық жер қатынастары бөліміне жолданды.

2019 жылы бекітілген бас жоспарға сәйкес, Біртілек, Қошқарата ауылдық округтерінен Абай ауылынан өтетін жерлердің санатын өзгертуге, елді мекен шегіне енгізу жұмыстарына аудандық жер қатынастары бөліміне бюджеттен тиісті қаржы қаралып, Абай ауылының жер көлемі ұлғайтылатын болады.

Әкімшілік іскерлік орталық салытанатын 22 га жерді ауыл шаруашылығы айналымынан шығару жұмыстары заң талаптарына сәйкес созылуына байланысты, Келес ауданы әкімі аппараты ғимаратын, аудандық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, сол маңайдағы ғимараттарды мемлекет меншігіне алып, кеңейту және бұрынғы аудандық аурухананың екі қабатты ғимаратын қайта құрылымдаудан өткізіп, әкімшілік ғимарат жасау жоспарлануда. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған ғимарат иелерімен келіссөздер жүргізілуде.