ТҮРКІСТАН: Келес ауданында ашық футбол алаңшасы пайдалануға берілді

0
600

Биылғы жоспар аясында Қошқарата және Біртілек ауылдық округтерінде ашық спорт алаңшасын ел игілігіне табыстау көзделген.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында ашық футбол алаңшасы пайдалануға берілді

Түркістан облысының Келес ауданында ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысының Келес ауданында ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді. Біртілек ауылдық округінде орналасқан спорт алаңшасының ашылу рәсіміне ауылдық округі әкімі, аудандық мәслихаттың депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.


«Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес, осы жылы балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, ауылдарды абаттандыру, спорт алаңшаларын құру жұмыстары жүргізілуде», – деді ауылдық округінің әкімі Кеңес Халық.


Спорт алаңшасының ашылу салтанатында шағын футболдан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, Келес ауданы қайта құрылғалы бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілуде. Бүгінге дейін Абай және Ұшқын ауылдарында орталық алаңдар жөндеуден өткізілсе, 5 спорт алаңы салынды. Биылғы жоспар аясында Қошқарата және Біртілек ауылдық округтерінде ашық спорт алаңшасын ел игілігіне табыстау көзделген.